Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Денсаулық сақтаудағы инновация" IV Халықаралық ғылыми форумы

"Денсаулық сақтаудағы инновация" IV Халықаралық ғылыми форумы

26 Қараша 2019

2019 жылғы 7-8 қараша күндері  Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық қызметінің 90 жылдық мерей тойына арналған "Денсаулық сақтаудағы инновация" атты IV Халықаралық ғылыми форумы өтті. Бұл қызмет 1929 жылы бастау алды және Қазақстанның барлық денсаулық сақтау жүйесімен тығыз байланысты. ҚР Ұлттық Ғылым академиясында өткен конференцияның салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Б. Ә. Сағынтаев, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, қоғам атынан белгілі жазушы және саяси қайраткер ақын Олжас Сүлейменов және халықаралық делегациялардың өкілдері сөз сөйледі.

Ғылыми форумда Ресей, АҚШ, Швейцария, Израиль, Қырғыз Республикасы, Нидерланд, Тәжікстан, Жапония, Корея, Үндістан, Түркия, Люксембург, Германия және Қазақстан Республикасынан көптеген клиника-диагностикалық бағыттар бойынша мамандар сөз сөйледі.

Шетел және отандық жетекші дәрігерлер медицинаға трендтерге және перспективаларға, дербестендірілген медицинаға инновациялық технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына  роботталған хирургияны енгізу ерекше қызығушылыққа ие болды.

Конференция бағдарламасы дәстүрлі түрде бірнеше секциялармен, пленарлық отырыстармен, көрмелермен, сондай-ақ флешмобтармен ұсынылды.

"Күрделі науқас: клиникалық  нұсқаулардан нақты клиникалық тәжірбиеге" секциясында медицина ғылымдарының докторы, профессор М. М. Түсіпбекова "Өкпенің интерстициальді ауруларының сирек түрлерінің морфологиялық баламасы" тақырыбында баяндама оқыды»,ол м.ғ. д., бас терапевті Р. А. Бакенова және PhD докторант Л. М. Стабаеваның басшылығымен Қарағанды медицина университеті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ауруханасы медициналық орталығының клиникасы арасындағы ынтымақтастықтың көпжылдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Конференция барысында алыс және жақын шетел мамандары арасындағы өзара байланысты нығайтатын және өзара тиімді ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының медицинасын дамытудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін талқылауға назар аударылды.


0
1811

пікірлер

пікір қалдыру үшін.