Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы біздің қолымызда

Қазақстанның болашағы біздің қолымызда

28 Қараша 2019

2019 жылдың 26  қарашасында  қазақ тілі кафедрасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қарағандылық жеңімпаздарымен  кездесу өтті. Кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында жүргізілген жұмыстарды, тәуелсіздік  жылдарында еліміздің дамуына, тәуелсіз Қазақстанға өзінің талантымен, ақылымен, еңбегімен қыруар үлес қосып жатқан  жерлестерімізді жастар арасында насихаттау, игі істерін үлгі ету көзделді.

Іс-шарада ұлттық жобаның жаңа кейіпкеріне айналған белгілі қарағандылық ҚМУ-нің хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Абатов Нуркаси Тулепбергенұлының қол жеткізген табыстары жайлы кеңінен  әңгімеленді.

Кездесуге кафедра оқытушылары мен 1 курс студенттері қатысты. 

Жоба жеңімпазы тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі, өзінің мақтан тұтатын еңбегінің нәтижесі туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ осы шараны ұйымдастырған кафедра ұжымына ризашылығын білдірді.

Стоматология факультетінің 1 курс студенті  Қабдеш Жаннат  көрермендерді өз өнерімен тәнті етті.


0
2339

пікірлер

пікір қалдыру үшін.