Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтойлық чемпионат аяқталды

Мерейтойлық чемпионат аяқталды

28 Қараша 2019

2014 жылы университеттік спорт әуесқойлары тамаша сыйлық алды - футболдан университет чемпионаты. Өткен 5 жыл ішінде турнир күш пен танымалдыққа ие болды, сондай - ақ жанкүйерлер аудиториясын жинап үлгерді.

2019 жылдың күзінде кезекті ХХ-шы біріншілік аяқталды. Қыркүйек айынан қазан айына дейін 8 студенттік команда медицина университетінің ең мықты футбол жасағы атағына таласты. Чемпионатқа қатысуға келесі командалар өтініш берді: «Жалпы тәжірибе дәрігерлері» (капитаны Төлегенов Ақжол), «№4 жатақхана» (капитаны Зермуханбетов Ансар),  «Жалпы Медицина» (капитаны Абдикарим Тұрар),  «Жедел медициналық көмек» (капитаны Асаинов Сакен), «Академия» (капитаны Серикбаев Дияр), «Фармацевтика» (капитаны Сәрсембай Нұрдәулет), сондай-ақ біздің дәстүрлі қонақтар «ҚарМТУ» (капитаны Серікқали Құрманғазы) және «ҚарМТУ-2» (капитаны Нұрлыбек Нұрманов).

Барлық қатысушы командалар ойынның лайықты деңгейін көрсетті, біріншіліктің матчтары шын мәнінде қызықты және қызу болды. Чемпион «ҚарМТУ» және «Жедел медициналық көмек» командаларының финалдық кездесуінде анықталды. 8:4 есебімен дәрігерлерді жеңген қонақтар командасы бірінші рет ҚМУ чемпионатының жеңімпазы атанды.

Жүлделі орындарға ие болған командалардың барлық ойыншылары естелік сыйлықтарға ие болды.

Турнир қорытындысы бойынша Чемпионаттың символдық құрамасы анықталды:

Үздік қақпашы: Оспанов Асылжан (ҚарМТУ),

Үздік қорғаушы: Касымов Азамат (ЖМК),

Үздік шабуылшы: Асаинов Сакен (ЖМК),

Үздік ойыншы: Иманжанов Данияр (ҚарМТУ),

«Турнирдің ашылуы» - Әбдікәрім Тұрар (ЖМ).

  Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім,

Физикалық денсаулық орталығы


0
1913

пікірлер

пікір қалдыру үшін.