Танымдық сабақ
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қарағанды
медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының
ассистент-профессоры Н.А Мейрамованың және тағылымгер-оқытушы А.Т Бакированың ұйымдастыруымен
«Жалпы медицина» мамандығының 2004, 2012, 2020 топ студенттері арасында
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ
барысында «Н.Ә.Назарбаевтің өмірбаяны», «Әсем қала Нұр-Сұлтан», «Рухани жаңғыру
бағдарламасы», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық білім қазақ
тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Қазақстанның қасиетті жерлері» атты
тақырыптарға баяндамалар оқылып, талқыланды. Сабаққа осы кафедраның
ассистент-профессоры А.Б Долгополов. қонақ ретінде келіп, «Қазақстанның
қасиетті жерлері» тақырыбына бейне баян көрсетті. Студенттер қауымы үлкен
қызығушылық танытып, белсенді араласып отырды. Бұл отырыс өз деңгейінде өтті
деп есептейміз.
тағылымгер-оқытушы: А.Т Бакирова,
2020 ЖМ студенттері:А. Маметова, З. Жасұланова.