Облыстық пікір-сайыс турнирі
7 желтоқсан күні біздің Alma-mater қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті.
Турнирге қазақ лигасында - 24 команда қатысты: ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, политехникалық колледж, ҚЭУ, ҚМИУ (Теміртау), біздің университеттің студенттері;
орыс лигасында - 10 команда: ҚарМТУ-дан, ҚР ІІМ Қарағанды Академиясынан, КЭБК-дан, біздің университеттің студенттері.
Дебаттық турнир АПФ (американдық парламенттік формат) және (Линкольн-Дуглас) форматы бойынша екі тілде өткізілді: қазақ және орыс тілдерінде.
Турнир жеңімпаздары төмендегідей бөлінді: «Намыс» қазақ лигасы турнирінің қорытындысы бойынша:
«Американдық парламенттік формат»I орын- ҚМИУ (Теміртау) студенттері иеленді.
II орын - ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанттары иеленді.
III орын - ҚарМУ студенттері .
«Линкольн-Дуглас форматы»
«Үздік спикер» номинациясын ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанты жеңіп алды.
«Үздік талпыныс» номинациясын ҚМИУ (Теміртау) студенті жеңіп алды.
«Insight» орыс лигасы турнирінің нәтижелері бойынша:
«Американдық парламенттік формат»
I орынды Қарағанды медицина университетінің студенттері - Савельев Артем, Куатова Наргиз жеңіп алды.
II орын – ҚарМТУ студенттері
III орын - ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының курсанттары.
«Линкольн-Дуглас форматы»
«Үздік спикер» номинациясында ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанты атанды.
Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім