Нұр – Сұлтан қаласындағы кәсіпкерлік meet-up
«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының аясында 10 және 11 желтоқсанда Нұр – Сұлтан қаласында қорытынды кездесу өтті. Entrepreneurial MeetUp – бұл студенттердің, оқытушылардың және аймақтық оқу орындарының қызметкерлерінің жаңа құзыреттіліктерді дамытуы, сонымен қатар әр қатысушының қатысуы мен белсенділігі арқылы қызықты тақырыптар мен тенденцияларды талқылауға арналған іс-шара.
Осы жылы студенттер үшін «Product Manager деген кім және ол немен айналысады?» және «Стартаптағы сәтсіздіктер: олардан қорқуды қалай тоқтатып, пайда табуды үйрену» оқу модульдері ұйымдастырылды. Оқытушылар үшін «Кәсіпкерлік пәндерді оқытуда дизайнерлік ойлауды қолдану», «Сандық дәуірдегі оқытушының жеке бренді» және «Дәлелденген сабақ: финдік білім беру жүйесінен нені үйренуге болады?» атты семинарлар өткізілді.
Жиналысқа қатысушыларды әсіресе Sensei Room Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы ВячеславМорозовпен және Speed Dating кәсіпкерлерімен, бизнесмендермен және әр түрлі компаниялардың топ-менеджерлерімен жылдам танысулары ерекше әсер етті.
#EcoSystemERG
«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі»
жобалық тобы