Жаңа жылға жаңа жеңістіктермен!!!
27 Желтоқсан 2019
2019 жылдың 25 желтоқсанында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да Басқарма Төрағасы-Ректор, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетованың қоғаммен есеп беру кездесуі өтті. Оған тәуелсіз директор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның Директорлар кеңесінің өкілі Б.В. Зорин қатысты. Модератор ретінде «Қарағанды медицина университетінің Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Д.Е. Третьяк болды.
Отырыста профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингтік бағалау нәтижелері жарияланды. «Үздік теориялық кафедра» номинациясы бойынша бірінші орынды биология кафедрасы иеленді; «Үздік клиникалық кафедра» номинациясы бойынша - №1 ішкі аурулар кафедрасы бірінші орынға ие болды.0
2872
пікірлер
пікір қалдыру үшін.