Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Симуляциялық білім беру бойынша әріптестерімізбен тәжірибе бөлісудеміз

Симуляциялық білім беру бойынша әріптестерімізбен тәжірибе бөлісудеміз

28 Қаңтар 2020

ҚМУ КеАҚ-ның симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының базасында 2020 жылдың 20 мен 24 қаңтар аралығында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 11 қызметкеріне арналған ««Медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жаттықтырушыларын дайындаудың бастапқы курсы модулі бойынша «Клиникалық біліктілікті дамытуға арналған оқу бағдарламасында симуляциялық технологияларды қолдану» (216 сағат) және ««Медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жаттықтырушыларын дайындаудың жетілдірілген курсы модулі бойынша «Симуляцияны қолдану арқылы оқыту технологиясын жетілдіру» (108 сағат) атты біліктілікті арттыру циклы болып өтті.

  ҚМУ КеАҚ жетекші жаттықтырушылары В.П. Риклефс пен  Г.С. Кемелова ҚазҰМУ-ң қызметкерлерін оқу үдерісіне симуляциялық білім беруді қолдану және ұйымдастыру тәсілдеріне,  бағалаудың заманауи тәсілін ОҚКЕ түрінде өткізуге   және әзірлеуге  үйретті. Сонымен қатар тыңдаушыларға стандартталған пациенттерді қолдану, зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарына симуляцияны қолдану бойынша дәрістерді оқыса, ал тәжірибелік бөлім ОҚКЕ өткізуге  және практикалық сабақтарға арналған клиникалық жағдайларды жазуға, оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті бағалау құралдарын және әдістемелік қамтамасыз ету құжаттарын әзірлеуге арналды.

  Оқыту курсы жылы, достық қарым-қатынас жағдайында өтіп, курстың соңында тыңдаушылар алғыстарын білдіріп, біліктілікті арттыру циклының өзектілігін атап өтті.

СББТО маманы А.М. Бейсембекова.


0
1865

пікірлер

пікір қалдыру үшін.