Жоба жұмыстарын қорғау
04 Наурыз 2020
2020
жылдың 26 ақпанында Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер
кафедрасындаХалықаралық медицина факультетінің бірінші курс студенттері
«Ғылыми ойлаудың негіздері» атты пәнді тәмамдау аясында жобалық жұмыстарын
қорғады. Студенттік жобалардың тақырыптары Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының негізгі алты бағытына негізделген.
![](http://www.qmu.edu.kz/media/upload/c81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c/396422c8cfb1b62d7d97f089fdcee544)
Тәуелсіз сыртқы емтихан
қабылдаушы ретінде профессор Молотов-Лучанский
Вилен Борисович шақырылды. Сондай-ақ, кездесуіміздің қонақтары кафедра
меңгерушісі Темірғалиев Құдайберген Абайұлы және Никифорова Светлана Сергеевна.
Студенттер өз жобаларын 2020 жылдың 28 ақпанында «Ғылым және жастар: жаңа
идеялар мен шешімдер» атты студенттер мен магистранттардың VI Халықаралық
ғылыми-теориялық конференциясында қорғауды жоспарлап отыр.
![](http://www.qmu.edu.kz/media/upload/eccbc87e4b5ce2fe28308fd9f2a7baf3/449c20db8f5c684282ceebd267c5c257)
пікірлер