Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қытайлық дәрігерлер Қарағандыдағы әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

Қытайлық дәрігерлер Қарағандыдағы әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

17 Сәуір 2020

Қарағанды облысына Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен Қазақстанның Қытайдан COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясына қарсы күрестегі жан-жақты қолдауы туралы келісімі шеңберінде Қытайдан келген дәрігерлер делегациясы келді.Оның құрамына инфекционист, пульмонолог, нефролог дәрігерлері, қарқынды терапия дәрігерлері және COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциямен күресте тәжірибесі бар бас медбике кіреді.

15 сәуір күні Қытай дәрігерлерінің Қарағанды облысына келген алғашқы күні аяқталды. Алғашқы ресми сапармен делегация Қарағанды медицина университетіне барды, онда түрлі медициналық ұйымдармен және облыстың бірқатар мамандарымен бейне байланыс режимінде конференция өтті. Қонақтарды университет ректоры Р. С. Досмағамбетова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е. Ш. Нұрлыбаев, Қарағанды облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қ. Қ. Асқаров қарсы алды.

Конференцияны Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ж. Р. Шалабеков ашып, делегацияны шын жүректен құттықтап, келгендері үшін, сондай-ақ Қытай халқының бізге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.

Қарағанды медицина университетінің ректоры Р. С. Досмағамбетова өз сөзінде практикалық денсаулық сақтаумен өзара іс-қимыл жасау бойынша университеттің қандай жұмыс атқаратып жатқанын атап өтті. Университет мамандары клиникалық хаттамаларды, COVID-19 диагностикасы және емі бойынша ұсыныстарды әзірлеуге тікелей қатысады. Университеттің екі клиникасы провизорлық госпитальдарға қайта жабдықталған, онда клиницистер мен университет резиденттері жұмыс істейді. Ректор жоғары оқу орнының білім беру қызметі бір минутқа да тоқтатылмайтынын ерекше атап өтті: студенттер, оқытушылар және қызметкерлер қашықтықтан оқытудың әдістері мен басқару үрдістерін толық меңгергенін атап өтті.

Қарағанды медицина университеті COVID-19 даму механизмдеріне және ауруға иммунитетті қалыптастыруға арналған бірегей молекулалық-генетикалық зертхананы ғылыми зерттеулерде қолдануды жоспарлап отыр.

Раушан Сұлтанқызы қазіргі уақытта өз Отанына бара алмайтын және университет жатақханасында тұрып жатқан мыңдаған шетелдік студенттердің денсаулығы үшін жауапты екенін атап өтті.

Өз сөзінде Қытай делегациясының басшысы, Іле-Қазақ автономиялық округі губернаторының орынбасары Ершат Тұрсынбай мырза жылы қарсы алғаны үшін  ризашылығын білдірді. Қонақ жаңа инфекциямен күреске алғашқы болып келген Қытайға Қазақстанның көрсеткен қолдауына ерекше назар аударды. Делегация басшысы достың басына қайғы түскенде жаныңнан табылатындығы туралы мақалды айта кетті. ҚХР мен ҚР арасындағы достық қарым-қатынас және біздің мемлекет басшыларының жеке байланыстары Қытай мен қазақстандық дәрігерлердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етті.Делегация құрамында – 10 маман бар, оның сегізі-ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының клиникалары мен ғылыми орталықтарының дәрігерлері, эпидемиологтары. Олардың барлығы COVID таралуын жеңуге және науқастарды емдеуге тікелей қатысты болды. Қонақтың пікірінше, жиналған тәжірибе -  қазақстандық әріптестерге адам өміріне қарсы күресте пайдалы болады және инфекцияның таралуын тежеуге көмектеседі. Қазірдің өзінде, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева Қытай делегациясы өткізген оқыту вебинарларына, конференцияларға бес мыңнан астам медицина қызметкері қатысқанын мәлімдеді.

Ершат Тұрсынбай мырза Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі  мен Денсаулық сақтау министрлігіне, ҚХР-ның Қазақстандағы елшілігіне және Қытай дәрігерлерінің жұмыс сапарының барысын баяндайтын журналистерге сапарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Конференция спикерлері - Е. Ш. Нұрлыбаев, Қ. Қ. Асқаров, Р. С. Досмағамбетова, өз кезегінде, Қытай әріптестеріне көрсеткен ынтымақтастығы, жоғары кәсібилігі, Қазақстанның  СОVID 19 пандемиясына қарсы жүргізіп жатқан күреске өз үлесін қосуға деген шынайы ниеті үшін алғыстарын  білдірді.

Қытай дәрігерлерінің сапары бір апта бойы жалғасады.


0
3160

пікірлер

пікір қалдыру үшін.