Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әскери-патриоттық жұмыс

Әскери-патриоттық жұмыс

06 Мамыр 2020

Биылғы жыл – фашизмді жеңуді мерекелеудің ерекше жылы. Біріншіден, бұл мерейтойлық жыл, яғни Ұлы Жеңіске жетпіс бес жыл толған болса, сол соғысқа қатысқан жауынгерлерге жүз жыл, тіпті одан да асты. Екіншіден, короновирус елімізді мерекені өткізудің ең қатаң түріне мәжбүрлеуде. Бірақ, ешқандай карантин бізге батырларды еске алуға кедергі келтіре алмайды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылған күнінің 28 жылдығына арналған тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстар айлығының аясында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ әскери  кафедрасының оқытушы құрамы бірқатар шараларды жоспарлап, оларды әскери кафедрада оқитын студенттерге online жүйесінде өткізді.

16 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына бару online өткізілді.

23 сәуірде «Халық ерлігі» тақырыбына «КСРО Ұлы Отан соғысы қарсаңында» атты презентацияны көрсету арқылы online әңгіме өткізілді.

30 сәуірде Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Жеңіс күні – соғыс иісі аңқыған, самайларды қырау шалған мереке» атты Ерлік сабағы өткізілді.

Аталған шаралар туралы материалдарды ҚМУ-дың студенттік порталында SharePoint арқылы көруге болады.


0
2448

пікірлер

пікір қалдыру үшін.