Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоғамдық бақылау

Қоғамдық бақылау

12 Маусым 2020

2019-2020 оқу жылында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық қоғам институттарымен байланыс» бағыты бойынша «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 10-шы маусымда «Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалымен Меморандумға қол қойылды. 

Меморандумның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық болып табылады.

Меморандумның жалпы мәні – сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру және сындарлы күштерді біріктіру және білім беруді жоғарылатудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте білім мен тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін рөлінің маңыздылығы туралы университет пен партия филиалының бірлескен және келісілген іс-әрекеттері.

Меморандумның талаптарына сәйкес, «Nur Otan» партиясының филиалы ынтымақтастықтың барлық бағыттарындағы қызметті үйлестіру міндеттерін өз мойнына алады, ал университет өз кезегінде білім беру процесіне барлық қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Меморандум университеттің qmu.edu.kz ресми сайтында «Комплаенс-кеңсесі» бөлімінде жарияланды.

Комплаенс-кеңсесі


0
2192

пікірлер

пікір қалдыру үшін.