Жоғары мемлекеттік наградалар!
23 Шілде 2020
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның Клиникалық
жұмыс жөніндегі проректоры, коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу
хаттамасын әзірлеушілер тобының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы,
профессор Көшерова
Бақыт Нұрғалиқызы «Халық
алғысы» төс белгісімен
марапатталды.
Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 пандемиясымен күресу барысында біздің профессорларымыздың адалдығы және кәсібилігін жоғары бағалады.
Салтанатты рәсім «Biz Birgemiz» жалпыұлттық форумы аясында онлайн режимде өтті.
Марапаттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау саласында жемісті жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеу мақсатында тағайындалған.Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
0
3371
пікірлер
пікір қалдыру үшін.