Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінің стартапы ең үздік деп танылды!

Қарағанды медицина университетінің стартапы ең үздік деп танылды!

24 Қараша 2020

23 қарашадаVIII Республикалық студент жастардың «Мен жастарға сенемін!» патриоттық форумы аясында «Елімнің инновациялық дамуына менің нақты қосқан үлесім» атты студенттік инновациялық әлеуметтік-маңызды жобаларының республикалық байқауының қорытындылары шығарылды.

  Қарағанды медицина университетін «Биолог-зерттеуші» мамандығының магистранты Ивачев Павел Александрович «Мүгедектерге арналған жылжымалы мобильді баспалдақ көтергіш» жобасын ұсынды.

  Байқаудың әділқазылар алқасының төрағасы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры АйтуарАсқарұлы Қошмамбетов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсынылған жобалар жедел әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге, аймақтар және елдің саяси, мәдени және экологиялық дамуына бағытталғанын атап өтті.

  Байқау қорытындысы бойынша Павел Ивачевтің жобасы республикадағы ең үздік деп танылып, байқауда 1 орынға ие болды! «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының жұмыс тобы Павел Александровичті лайықты жеңісімен құттықтайды және одан әрі қазақстандық қоғамның игілігі үшін сәттілік тілейді!

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі»

жобасының жұмыс тобы


0
1703

пікірлер

пікір қалдыру үшін.