Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жұмыс күні режиміндегі сергіту сәті

Жұмыс күні режиміндегі сергіту сәті

04 Желтоқсан 2020

Қарағанды медицина университетінің Физикалық денсаулық орталығы «Жұмыс күні режиміндегі сергіту сәті» жарысының  қорытындысын шығарды.  Ол ЖОО-ның Әкімшілік-басқару құрамы мен  мектептерінің қызметкерлері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналып өткізілді.

Барлық ұсынылған бейнежазбаларды қарап шығып, қазылар алқасы бірінші орынды  Отбасылық медицина кафедрасының ұжымы мен Кітапхана-баспа орталығының ұжымына беру туралы шешім қабылдады. Екінші орынды Резидентура және кәсіби даму мектебі мен Симуляциялық технологиялар орталығы иеленді. Үшінші орынға -Қоғамдық денсаулық мектебі және Стоматология мектебі ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз!

 Физикалық денсаулық орталығы


0
1787

пікірлер

пікір қалдыру үшін.