Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды медицинасы - «Атамекен» ҰКП рейтингінде көш басында тұр»

Қарағанды медицинасы - «Атамекен» ҰКП рейтингінде көш басында тұр»

20 Қаңтар 2021

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп үш жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына (ББ) тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Қарағанды медицина университетінің бірқатар білім беру бағдарламалары осы рейтингте жетекші орындарда тұр, атап айтқанда:

I орын – «Жалпы медицина»;

I орын – «Стоматология»;

I орын – «Фармация»;

II орын – «Мейірбике ісі»;

III орын (бірақ медициналық ЖОО арасында бірінші орын) – «Биология»;

IV орын – «Қоғамдық денсаулық сақтау».

Рейтинг білім беру бағдарламаларының өзектілігі бойынша ғана емес, сонымен қатар бірқатар критерийлер бойынша да жүргізілді, олардың ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы, олардың орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы жатады.


0
2032

пікірлер

пікір қалдыру үшін.