Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тарих-түзу,жөнді үйретуші

Тарих-түзу,жөнді үйретуші

05 Наурыз 2021

Осы күнде істеп жүрген ісіміз, жасаған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің бәрі кейінгілерге тарих болып қалады. Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс аламыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

«Тарих-түзу, жөнді үйретуші. Тарих -тіршілікте жолбасшы»-дейді Әлихан Бөкейхан. Бүгін Карағанды Медицина Университеті, ТПФ мамандығының 1 курс студенттеріне арнайы, ұлт көсемі болған Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерей тойына арналған кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Ұйымдастырған Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жаксылыққызы. Шара студенттер тарапынан қызығушылыққа ие болған сияқты, алғыстарын білдіріп жатты.

 Білім мен тәрбие егіз ұғымдар. Университет жастары білімді, тәрбиелі, өнегелі, елін сүйетін патриоттар болса алғыс алатынымыз анық.


0
1628

пікірлер

пікір қалдыру үшін.