Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік эссе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік эссе

25 Қазан 2021

20 қазан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Адал ұрпақ» мектеп клубтары мен «Sanaly urpaq»студенттік клубтарының жыл сайынғы облыстық слеті өтті. Слет спикерлері ретінде ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, Орталық-Қазақстан Академиясының оқытушысы Алтынай Сулейменова, «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Малика Кусенбаева, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ комплаенс – офицері Александр Урмашов сөз сөйледі.

Іс-шара барысында спикерлер білім беру ұйымдары мен студент жастардың тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, Академиялық адалдық және парасаттылық қағидаттарын сақтау бойынша бірлескен жұмысы мәселелерін айтты.

Слет соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті және «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткен облыстық эссе және Tik-Tok байқауларының қорытындысы шығарылды. Облыстық эссе байқауына ұсынылған жұмыстардың ішінде Қарағанды медицина университетінің интерні Сатыпалды Арнаның эссесі үздік деп танылды.

Университет қызметкерлері мен білім алушылары Арнаны жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейді.


0
1592

пікірлер

пікір қалдыру үшін.