Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚМУ КеАҚ-да Ecosystem Fest

ҚМУ КеАҚ-да Ecosystem Fest

17 Қараша 2021

12 қарашада Қарағанды медицина университетінде «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында Ecosystem Fest өтті. «Ecosystem Fest» – жобаның резидент ЖОО студенттеріне арналған бір күндік білім беру модулі. Кәсіпкерлік идеялардың күзгі фестивалінің мақсаты білім алушыларды жобаға тарту, қатысушыларды жаңа жобаларды жасауға және дамытуға ынталандыру, қолданыстағы жобаларды жаңарту, «Tumar Business Challenge» конкурсында таныстыруға дайындау болып табылады.

Ecosystem Fast-ты аша отырып, ҚМУ КеАҚ-ның академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Риклефс Виктор университет үшін кәсіпкерлік білім беруді дамыту және студенттік жобаларды қолдау өте маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде, «Шұбаркөл Көмір» АҚ Корпоративтік коммуникациялар қызметінің басшысы Қожахметова Дамира ERG компаниялар тобы көрсетіп отырған өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету туралы айтып берді.

ҚМУ КеАҚ-да Ecosystem Fest тренерлері интеграцияланған коммуникациялар агенттігінің негізін қалаушы, PR сарапшысы, AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің дәріскері Алферова Алена және кәсіпкер, маркетолог, UpgradePlus.online білім беру платформасының негізін қалаушы және Lesson Up консалтингтік компаниясы, Kush, Ucommers компанияларының серіктесі Аблай Юсупов өз бизнесін құру бойынша тәжірибесімен және нақты құралдарымен бөлісті.

Әрі қарай жобаның барлық қатысушыларын онлайн форматта «Идеялар генерациясы» және «Жоба немесе өнім үшін тауашаны таңдау» модульдері бойынша 6 онлайн сабақ күтеді.


0
1440

пікірлер

пікір қалдыру үшін.