Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Sanaly Urpaq" Республикалық слеті

"Sanaly Urpaq" Республикалық слеті

18 Қараша 2021

17 қарашада Қарағанды техникалық университетінің базасында онлайн форматта "Sanaly Urpaq"Республикалық студенттік клубтар слеті өтті. Қатысушылар еліміздің жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен білім алушылары болды.

Іс-шара қатысушыларына Қарағанды техникалық университетінің комплаенс-офицері, т.ғ.д., профессор Жетесова Гүлнара құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың қазіргі жай-күйін талқылау бойынша жалпы алаңның дамуының маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаның өзі 2 үлкен блокқа бөлінді: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту және "Sanaly Urpaq" жобасы шеңберінде студенттік бастамаларды дамыту.

Слеттің бірінші бөлімінде Қарағанды медицина университетінің комплаенс-офицері Александр Урмашов университетте комплаенс-офистің қалыптасуы бойынша, Академиялық адалдық лигасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және академиялық адалдықты қалыптастыруға бағытталған шаралар жүйесін жетілдіру туралы тәжірибесін ұсынды. Сондай-ақ, спикер жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық бақылаудың және студенттердің шешімдер қабылдау мәселелеріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қарағанды индустриялық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қарағанды техникалық университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін ұсынды.

Слеттің соңында "Sanaly Urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Қайыржан сөз сөйледі, ол студенттік өзін-өзі басқаруды одан әрі нығайту, жастарды құқықтық тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізу, ЖОО-ның ақпараттық ресурстарын сапалы және дұрыс ақпаратпен толтыру қажеттігіне назар аударды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қайыржан Ахметбекұлымен бірлесіп білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол жеткізілді.


0
1572

пікірлер

пікір қалдыру үшін.