Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионатта студенттер алтын және қола медальдарға ие болды

Қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионатта студенттер алтын және қола медальдарға ие болды

13 Наурыз 2022

2022 жылдың 5 наурызында Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыстан ұлдар мен қыздар арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтті.

Турнирге барлығы 109 спортшы қатысты. Қарағанды медицина университеті командасынан 11 студент шықты.

Ақтық сында Маданбеков Ұлан (Стом 3003тобы) БСМ спортшыларымен табанды күресте Алтын медальға ие болды. Қуат Дәуренбекұлы Жүкенов (ТФП 2010 тобы), Хикмат Сайдахматұлы Мирзахматов (1004 ТФП тобы), Эльдар Жәнібекұлы Жақыпбек (1009 ТФП тобы) 3 жекпе-жек өткізіп, қола медаль жеңіп алды.

Спортшыларды жаттықтырушы-оқытушы Қабдрашев Ерболат дайындады.

Дене денсаулығы орталығы


0
1607

пікірлер

пікір қалдыру үшін.