Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттік жастардың облыстық спартакиадасы

Студенттік жастардың облыстық спартакиадасы

31 Наурыз 2022

Қарағанды қаласында 2022 жылғы 10-18 наурыз аралығында Қарағанды облысының студент жастары арасында XVI Спартакиада өтті.

Жарысқа облыстың және қаланың 8 университеті қатысты. Спартакиада спорттың 13 түріненөтті: волейбол (ерлер және әйелдер), баскетбол (ерлер және әйелдер), дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, қазақ күресі, футзал, президенттік қоссайыс, гір спорты, жеңіл атлетика, үстел теннисі.

«ҚМУ» КеАҚ студенттері бағдарламаның барлық 13 түріне белсенді қатысты.

Жаттығу процесінің тұрақсыздығына қарамастан, біздің студенттер спорттың 9 түрінен жүлделі орындарға ие болды:

Асық ату бойынша III орын: Сейлбек Бақдәулет - ЖМ2017 тобы, Аманбаев Айтаңат- ЖМ2020 тобы, Ұлықбек Ерсайын- ЖМ 2017 тобы, Маматов Нижат- ЖМ 4006 тобы.

Тоғыз-құмалақ бойынша I орын: Әбеуов Темірлан- ЖМ4025 тобы, Уринбаева Жансая - ЖМ6034 тобы, Мұхамбетқалиева Жұлдыз- ЖМ6029 тобы, Серікбол Фариза- Педиатрия 1002 тобы.

Дойбы бойынша II орын: Ирисметов Захид– ЖМ 5010 тобы, Тоғантаев Азат– ЖМ 2027 тобы, Рысқұлова Нұрай– ЖМ 2013 тобы, Бехтер Амалия– ЖМ 1021 тобы.

Шахматтан II орын: Есенбеков Мағжан– ЖМ 6012 тобы, Қалқабек Алтай– ЖМ 1004 тобы, Жаңажанова Жұлдыз – ЖМ 4034 тобы, Әсемғалиева Малика – ТФӨ 2009 тобы.

Президенттік қоссайыстан II орын: Зубкова Александра– ЖМ 1020 тобы, Бурейко Виктория– ТФӨ 2008 тобы, Набиева Агджа–Фармация 2002 тобы, Толейбай Райля – ЖМ 2017 тобы, Жетпісов Тимур-  ЖМ 1018 тобы, Жұмалдинов Алдиар - ЖМ1018 тобы, Акульбеков Руслан– ЖМ 2025 тобы, Гайд Асылам – КЖМ 101 тобы.

Арқан тартыс бойынша III орын: Караков Садам – Стоматология2008 тобы, Жақсылық Ерасыл– ЖМ 2014 тобы, Баделхан Беқдаулет – ЖМ 2008 тобы, Асан Асылжан– ЖМ 2001 тобы, Жақсылық Тахмина – ЖМ 2001 тобы.

Қазақ күресі бойынша III орын: Қонар Ерқанат– ЖМ 1009 тобы, Нұрлан Жақсыкелді– ЖМ 3009 тобы, Кенжеев Бекмұрад– ЖМ 6006 тобы, Сәрсенбек Расул-интерн.

Футзалдан III орын: Нұрышев Жарқын- Резидентура 9001 тобы, Меңдіғалиев Ердәулет- Резидентура 8005 тобы, Рахымбаев Әлібек – ЖМ 7003 тобы, Сейтжан Жәнібек– ЖМ 6010 тобы, Асаинов Сәкен– ЖМ 6018 тобы, Бекжанов Әділхан – ЖМ 2004 тобы, Әбдікәрім Тұрар – ЖМ 3018 тобы, Бондарев Андрей – Резидентура 8001 тобы, Әбдіхамитов Ерсін- Резидентура 8001 тобы, Оразбек Қайсар-Стоматология 4002 тобы, Кайратов Мирас-ЗТ Стоматология 1001 тобы, Әділ Бауыржан Резидентура10007 тобы, Алибаев Абылай– Резидентура8005 тобы.

Баскетболдан III орын (қыздар): Станина Виктория –Биология4004 тобы, Волков Милена – ЖМ 4037 тобы, Халниязова Зеинаб– ЖМ 1021 тобы, Шайкемелова Мадина КФ 101 тобы, Арыстанбаева Гүлназ– Резидентура8002 тобы, Сүлеймен Диана-Стоматология 5009 тобы, Мағау Мерей– ЖМ 2015 тобы, Ошақбай Жанэль– ТФӨ 2005 тобы, Амантай Әдемі– ЖМ 2015 тобы, Жексенбаева Гүлбағым– ЖМ 2022 тобы.

Жеңіл атлетикадан II орын: 1000 метрге жүгіруден Овцынов Павел– ЖМ 4031 тобы.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Болашақта тағы жеңістер тілейміз!


0
1702

пікірлер

пікір қалдыру үшін.