Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы

«Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы

12 Желтоқсан 2022

Қарағанды медицина университетінде 8 желтоқсан күні студенттер арасында «Менің Қазақстаным» атты патриоттық әндер  байқауы өтті.  Өнер додасына жоғары оқу ордасының 10-нан  астам өнерлі студенттері  қатысты. Байқау жас ұрпақтың бойына Отанды сүюге, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткізіліп отыр.

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты Риклефс Виктор Петрович шара барысында сөз бастап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал қазылар алқасының құрамында университеттің ең үздік студенттері, «Вокал» үйірмесінің мүшелері, болашақ дәрігерлер Мақсат Алматұлы Сражадинов, Дана  Ералықызы Ералиева және Самат Ерболатұлы Бейшен болды.

Байқауға қатысушылар қазақ тіліндегі танымал патриоттық әндерді шырқады. Қазылар олардың орындау шеберлігінен бөлек сахна мәдениетін сақтауына, киім киісіне де аса мән берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Стоматология мектебінің 1 курс студенті  Ануарбек Нұрасыл иеленді. Сондай-ақ ол облыстық ән байқауына жолдама алды. Жүлделі екінші орын Медицина мектебінің 4 курс студенті Әбдікәрім Тұрарға бұйырды . Ал үшінші орынды Медицина мектебінің 3 курс студенті НечипоренкоАлена қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі.

 


0
1083

пікірлер

пікір қалдыру үшін.