Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастық пен білімнің үйлесімі

Халықаралық ынтымақтастық пен білімнің үйлесімі

15 Сәуір 2014

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бүгінгі таңда біздің университетіміздің халықаралық қызметтерінің басты бағыттарының бірі болып табылып отыр. Сондықтан, университетке осы Пловдивтік медициналық университетінде (Болгария) бағдарламаға қатысу ұсынысы туған кезде, біз, стоматологиялық факультеттің 4 курс студенттері шын ниетпен келісе кеттік. Құжаттарды дайындау және ресімдеу 2 аптаға созылды, бұл көп қиыншылық тудырған жоқ. Бізді ағылшын тіліне оқуға шақырды.

Біздің қатарға ауысқан «Болгария – шетелге жатпайды» деген пікірдің қате екеніне көз жеткіздік.

Болгария бұл заманауи, тәуелсіз, ілгері дамып келе жатқан мемлекет. Бай тарихи ескерткіштері, мәдениеті бірде бір адамды немқұрайлы қалдырмайды.

Біз оқуды Пловдив қаласында өттік, бұл –Еуропаның көне қалаларының бірі Болгарияның ірі және экономикалық дамыған екінші қаласы болып табылады.

Пловдив қаласының Медициналық университеті 1945 жылы құрылған, және бүгінде заманауи, еуропалық стандарттардың барлығына сәйкес оқу орны болып табылады.

Стоматология факультетінің ғимараты 2009 жылы құрылған, өзі стоматологиялық пәндердің 8 кафедрасы, техникалық зертханалар, жаңа стоматологиялық кабинеттерден тұрады, 193 бөлшектік денталды кабинеттермен, 34 фантомды қондырғылармен, 3D сканерлермен, ортопантомографпен, сандық рентгенологиялық жабдықтармен, жоғарыэнергетикалық лазермен, денталды микросоптары бар операция залдарымен, интраоралды камералармен және т.б. жабдықталған. Оқу 6 жыл ағымында өткізіледі, орташа алғанда курста 120 студент оқиды.

Біз балалар жасындағы стоматология, ортодонтия және ортопедиялық стоматологияға екі ай мерзімінде оқудан өттік. Оқу бағдарламасындағы айырмашылық бірінші күннен бастап көрініс тапты: Пловдивтік университетте пропедевтикалық стоматологиялық пәндер бірінші курстардан бастап оқытылады, ал клиникалық пәндер 6 семетрден бастап оқытылады.Ең басты басымдылығы студенттердің барлық стоматологиялық жабдықтарға және материалдарға кез келген уақытта, оның ішінде сабақтан тыс уақытта да қол жеткізе алуында. Әр кафедрада студенттер практикалық нормативтерді орындауға міндеттеледі және семетр аяқталған кезде үш кезеңдегі емтиханнан өтеді. Семестр барысында студенттер бірнеше тілдегі әдебиеттерге қол  жеткізе алады.

Пловдивтік медициналық университетте өткізілген екі ай ішінде шетелдік әріптестермен қатынас кезінде керемет тәжірибе жинадық, өзіміздің практикалық дағдыларымызды көрсеттік, осы ЖООның жас ғалымдарымен және оқытушыларымен қатынасымызды жақсарта түстік.

ҚММУ ректоры Р.С.Досмағамбетоваға академиялық ұтқырлық аясында Пловдивтік медициналық университетке оқуға мүмкіндік туғызғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Cтоматологиялық факультеттің 4 курс студенттері


0
20561

пікірлер

пікір қалдыру үшін.