Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жеңіс әкелген чемпионат

Жеңіс әкелген чемпионат

22 Ақпан 2023

Жақында Астанада медицина қызметкерлері арасында футзалдан алғашқы Қазақстан чемпионаты өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысты. Қарағанды өңірінің құрама командасын дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері таныстырды. Оның бас бапкері Қарағанды медицина университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Төлеубеков Қуат Куанышбекұлы болды. Қарағандылықтар құрамасы Чемпионат финалында Ақтөбе құрамасын 4-1 есебімен жеңді.

Ұлттық құрама ойыншыларының арасында тағы бір әріптесіміз, «ҚМУ» КеАҚ резидент-дәрігері, сәулелік диагностика кафедрасының ассистенті Ердәулет Мирамұлы Мендыгалиев бар. 

Ердәулет Мирамұлы ректордың гранты бойынша резидентурада оқып, «Радиология» бағытын меңгеріп, «ҚМУ» КеАҚ клиникасында жұмыс істейді.

- Маған әртүрлі бағыттарды: рентген, ультрадыбыстық зерттеу, МРТ, компьютерлік томографияны меңгеруге мүмкіндік беретін «Сәулелік диагностика» мамандығы бірден ұнады. Бұл бағыттың әр түрінің өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар, мен оларды қызығушылықпен зерттеймін, - дейді резидент.

Е. М. Мендыгалиев Қарағандыға Қостанай облысы, Лисаковск қаласынан келген. Қарағанды медициналық университетіне түскен сәттен бастап 9 жыл бойы Қарағандыда тұрады және жұмыс істейді. 5-6 жасынан бастап футбол/футзалмен айналысады, әртүрлі командаларда ойнаған, соның ішінде медициналық университет үшін де ойнады.

 Біздің өңірдің құрама командасы футзалдан медицина қызметкерлері арасындағы алғашқы Қазақстан чемпионатының нәтижелеріне риза. Енді ойыншылар футболдан медицина қызметкерлері арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр және әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ниетті.


0
971

пікірлер

пікір қалдыру үшін.