Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жаңа Қазақстан: жастар саясатаның үздегі» атты республикалық байқауының жеңімпазы

«Жаңа Қазақстан: жастар саясатаның үздегі» атты республикалық байқауының жеңімпазы

09 Наурыз 2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы негізінде “Bilim-orkenieti” – ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: Жастар саясатының үздігі» атты халықаралық байқау өткізілді.

Осы байқауға біздің университеттің «Жалпы медицина» факультетінің

5 курс студенті, студенттер ғылыми қоғамының белсенді қатысушысы, “Патофизиология” СҒҮ мүшесі, ғылыми жобалардың және халықаралық ғылыми – практикалық конференциялардың «ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атанған, топ белсендісі Жайлау Әсел Бахтиярқызы жеңімпаз атанып, 1-ші дәрежелі төсбелгісімен және дипломмен марапатталды.

Біз осындай алғыр да жас ғалымдарымызбен мақтанамыз және осы шәкірттерімізге еліміздің медицина саласындағы білім мен ғылым жолында үлкен жетістіктермен толағай табыстар тілей отырып, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ізгі тілекпен патология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к., Патофизиология СҒҮ төрайымы Х.Р. Абдикадирова!


0
898

пікірлер

пікір қалдыру үшін.