Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жұқпалы аурулар конгресі

Жұқпалы аурулар конгресі

27 Қазан 2023

Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырды. Конференция сұрақтары балалар мен ересектердегі жұқпалы аурулардың эпидемиологиясының өзекті мәселелеріне, клиникалық көріністеріне, емдеу мен алдын алуға арналды.

Бұл ауқымды ғылыми-тәжірибелік іс-шара «Тәжірибе бөлісу-көрсету-айту» форматында жүзеге асты.

Конференцияға Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің, Татарстанның жетекші ғалымдары қатысты.

Конференция пленарлық отырыс, 3 секция, жас ғалымдар байқауы, 14 постерлік баяндамалар аясында өтті. Барлығы 63 баяндама тыңдалды.

Конференция бағдарламасы өте кең болды және бірнеше бағытта жүргізілді: жедел респираторлық вирустық және ішек инфекциялары, нейро- және ауа-тамшылы инфекциялар, гепатиттер, ерекше қауіпті инфекциялар, Covid 19, тәжірибеден алынған ескертулер, жаңа және ескі инфекциялар.

  Қарағанды медицина университеті атынан жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының ғалымдары: медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Бегайдарова Р.Х., медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Алшынбекова Г.Қ., PhD докторы, доцент Жүнісов Е.С. және медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Девдариани Х.Г. қатысты.

  М.ғ.д., профессор, РЖА академигі Бегайдарова Р.Х. баяндамасы: Заманауи кезеңдегі ерте жастағы балалардағы қызылша» (Клиникалық жағдайды сипаттау, пневмониямен асқынған баладағы қызылшаның ауыр ағымы), ол өз тәжірибесінен және емдеуден клиникалық бақылау тұрғысынан қызығушылық тудырды.

М.ғ.к., профессор Алшынбекова Г.Қ. баяндамасы «Ерте жастағы балалардағы гемокалит», бұл да автордың жеке деректерімен қызықты болды.

 «Желшешек кезіндегі асқынулар»  (Клиникалық жағдайды сипаттау, балада декструктивті пневмонияның дамуымен өтетін желшешектің ауыр ағымы) м.ғ.д., қауымдастырылған профессор  Девдариани Х.Г. ұсынды.

PhD доктор, қауымдастырылған профессор  Жүнісов Е. «Ересектердегі жедел ішек инфекцияларының және ішектің қабыну ауруларының ажыратпалы диагностикасының ерекшеліктері» баяндамасымен қатысты.

Секцияда жас ғалымдардың –кафедра резиденттері Руслан Даурбеков пен Виктория Кошминаның медицина ғылымдарының докторы, профессор, РЖА академигі Бегайдарова Р.Х., және медицина ғылымдарының кандидаты профессор Алшынбекова Г.К. жетекшілігімен дайындалған  постер презентациясы: Орфандық аурулар: Ересектер мен балалардағы сібір жарасы (клиникалық жағдай) 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Конференция қызу пікірталас аясында өтті. Баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Қорытындылай келе, конференцияға қатысушылар модераторларға конференцияны жақсы ұйымдастырғаны, егжей-тегжейлі және қызықты баяндамалары үшін алғыстарын білдіріп, ғылым мен тәжірибенің бұдан әрі ынтымақтастығына сенім білдірді.

Бегайдарова Роза Хасановна - м.ғ.д, профессор жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының, РЖА академигі


0
733

пікірлер

пікір қалдыру үшін.