Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жар таңдау» атты кураторлық сағат

«Жар таңдау» атты кураторлық сағат

23 Сәуір 2014

Қазақстанда сәуірдің 15-ін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні деп атауына орай, жалпы медицина және стоматология факультетінің 1-019 топ студенттері және кураторлары Төлегенова Жұмагүл Мұсақызы ашық кураторлық сабақ өткізді.

 Сабақтың тақырыбы өзекті «Жар таңдау» мәселесі. Бұл ашық шараға жалпы медицина және стоматология факультетінің 1 курс декан орынбасары Оспанова Динара Төлеуқызы және 1-009, 1-015 топ студенттері қатысты. 

Кездесу барысында студенттер мен қонақтар өмірде екі заттан қателесуге болмайтынын: біріншісі мамандық, екіншісі өмірлік серігі деп пайымдады.

 Кураторлық сағатта студенттер өлең оқып, көріністер қойды, бейне-фильмдер көрсетіліп, ән шырқалды. Ал тәрбие сағатының қорытындысында куратор жылы лебізін білдіріп, дәмді бауырсақтарын тобына ұсынды.


0
20105

пікірлер

пікір қалдыру үшін.