Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоян-қолтық ұрыс турнирі

Қоян-қолтық ұрыс турнирі

29 Қараша 2023

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ 2002 БМ тобының студенті Қырықбай Камилла (салмақ санаты +64 кг) ҚР ІІМ Қарағанды академиясының негізін қалаушы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, әділет генерал-майоры Барымбек Сәрсенұлы Бейсеновтың 100 жылдығын мерекелеу аясында қоян-қолтық ұрыстан «Алтын Күз» ашық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Турнир 2023 жылғы 25 қарашада Қарағанды қаласында өтті. Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен барлығы 107 қатысушы болды.

Камилланы құттықтаймыз, одан әрі жеңістер тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы


0
1950

пікірлер

пікір қалдыру үшін.