Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«БОЛАШАҚ: Стратегиялық Серіктестік және Ынтымақтастық» білім форумы

«БОЛАШАҚ: Стратегиялық Серіктестік және Ынтымақтастық» білім форумы

05 Желтоқсан 2023

2023 жылдың 30 қарашасында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басшылығы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 30 жылдығына орай «BOLASHAK: стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық форумына» қатысты.

Форумға 19 елдің (АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ және т.б.) Елшілері, 50-ден астам шетел университеттерінің басшылары, қазақстандық оқу орындарының өкілдері қатысты.

Форум барысында білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған тақырыптық секциялық отырыстар өткізілді.

Форум аясында «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ мен Liver Transplantation Center Erasmus MC (Нидерланды) арасында өзара түсіністік туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.


0
3423

пікірлер

пікір қалдыру үшін.