Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚМУ» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің XLIХ (49) спартакиадасының қорытындысы

«ҚМУ» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің XLIХ (49) спартакиадасының қорытындысы

24 Қаңтар 2024

Қарағанды медицина университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің дәстүрлі XLIХ (49) спартакиадасы аяқталды. Жабылу шеруінде «ҚМУ» КеАҚ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Н.Н. Наурызов құттықтау сөз сөйледі.

Төрт күндік қиын күресте қатысушылар өздерінің ең жақсы спорттық қасиеттерін, командалық рухын, ұйымшылдығын, әр спорт түріне позитивті және жауапты көзқарасын көрсетті, бұл спорттық атмосфераны қалыптастырды. Жарыстың соңғы минутына дейін кім жеңеді деген ой болды. Командалар тең ұпай жинады. Арқан тартыс спортының соңғы түрі шешуші болды.

Жарыс нәтижелері бойынша қорытынды кестедегі орындар келесідей бөлінді:

Iорын –«ПРЕСТИЖ» командасы

·  ӘБП (Әкімшілік-басқарушы персонал)

·  Резидентура және кәсіби даму мектебі 

IIорын«АЛЬЯНС» командасы 

·  Өмір туралы ғылымдар институты

IIIорын –«БАРЫС» командасы

·  Қоғамдық денсаулық мектебі

·  Фармация мектебі 

·  Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институты

IVорын«ТРИУМФ» командасы

·  Халықаралық медицина факультеті

·  Тілдерді дамыту орталығы

Vорын«ЖЕҢІС» командасы

·  Медицина мектебі

VIорын«АРЛАН» командасы

·  Стоматология мектебі

·  Мейіргерлік білім беру мектебі

·  Әскери  кафедра

·  Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы

·  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Барлық жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ спортшылар көп жылдық белсенді қатысқаны үшін марапатталды. Жарыс белсенді жанкүйерлердің қолдауымен ұйымдастырылған және  өте жоғары деңгейде өтті.

Спартакиаданың барлық қатысушыларын құттықтаймыз және денсаулық пен табыс тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы


0
4739

пікірлер

пікір қалдыру үшін.