Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Алтын Жұлдызы

Қазақстан Республикасының Алтын Жұлдызы

30 Мамыр 2024

Қазақстан Республикасының Алтын Жұлдызы

2024 жылғы 29 мамырда Астанада білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері арасында қоғам мен ел экономикасының дамуына үлес қосқан республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды. 

Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының жетекшісі Кемелова Гүлшат Сейітмұратқызы «Қазақстан Республикасы Алтын жұлдызы» республикалық сыйлығымен марапатталып, еліміздің көрнекті қайраткерлері энциклопедиясына енгізілді.

Шараны «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Білім өркениети» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы ұйымдастырды. Лауреаттарды марапаттауға Қазақстанның қайраткерлері қатысты, олардың арасында Қазақстан Елтаңбасының авторы және архитектор Жандарбек Мәлібеков те бар. Бұл іс-шара «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» ұлттық бағдарламалық идеологиясы аясында өтті.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!



0
1734

пікірлер

пікір қалдыру үшін.