Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Футбол біріншілігі…

Футбол біріншілігі…

26 Мамыр 2014

19 сәуірде Ерубаев 32 мекенжайындағы ашық алаңында шағын футбол бойынша ҚММУ чемпионатының біріншілігі басталды. Футбол жарыстарын тұрақты негізінде өткізу туралы студенттердің көптеген өтініштерін ескере отырып, университеттің спорт клубы турнирдің бастамашысы болды. Біздің жоо-да  үнемі өткізілетін спартакиададан айырмашылығы, біріншілік ұзақтығымен, ойын санының көптігімен  және әділетті формуласымен ерекшеленеді,  барлығы бір-бірімен доп таластырып, көп жеңіске жеткен ұжым жеңімпаз атанады.

Чемпионатқа қатысу үшін 8 команда өтініш берді. Жатақхана құрамасы: №1,№2,№3,№6 және №7.  Сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын студенттерден үш команда. Ыңғайлы белгісі бойынша оларды «Пәтершілер I» ,

«Пәтершілер II» және «Пәтершілер III».

Чемпионаттың бірінші турында екі команда - «Пәтершілер II» (капитаны Таржанов Авель) және «Жатақхана №1» (капитаны Қабиденов Айтуар) қарсыластар болды. Сонымен қатар, бұл қарсыластың шиеленіс матч аяғына дейін жалғасты... Алайда жеті жеңісті жеңген екінші пәтершілер қуғыншылар үшін жеткізбейтін сағымға айналып, біріншілік кубогын жеңіп алды.

Ойын қажырлы тартыста өтті, алаңда үлкен құштарлық сезіліп және ешкім жеңіліс тапқысы келмеді. Дегенмен турнир қатысушыларының құрметіне, сондай- ақ ережеден аздаған ауытқығандардың алдын кесіп отырған бас төрешінің арқасында, барлық матчтар  «Фэйр Плэй» қатал қағидасына сәйкес,  әдептілік шегінде өтті. Біріншіліктің 28 ойынында бір де бір ойыннан шығарып жіберу болмағандығын атап өтудің өзі  жеткілікті.

Біріншіліктің соңында жарыстың бас төрешісі А.К.Тухметов қатысушыларды турнирдің жақсы аяқталуымен құттықтап, келешекке сәттілік, зор денсаулық және де жанкүйерлерді  әрқашан осындай керемет ойынмен қуантуды тіледі.

Жүлделі орындарды иеленген командалар естелік сыйлықтар алды: №1 жатақхана құрамасы (екінші орын), №2 (үшінші орын) – форма жинағын, ал жарыс жеңімпазы «Пәтершілер ІІ» - чемпион кубогын және толық кәсіби ойын формаларының  жинағын иеленді.

Чемпионатта өздерін жақсы жағынан көрсеткен студенттер ҚММУң шағын-футбол құрамасына шақырылды.

Турнирдың қорытындысы бойынша чемпионаттың символикалық құрамасы анықталды:

Үздік қақпашы: Мергенов Қуандық (№1 жатақхана)

Үздік қорғаушылар: Бондарев Андрей (№6 жатақхана), Ризаев Расим (№2 жатақхана)

Үздік шабуылдаушылар: Әділ Бауыржан (№3 жатақхана), Таржанов Авель (Квартиранты II)

Турнир ойыншыларға  көп жағымды көңіл - күй әкелді. Студенттік чемпионаттарды тұрақты өткізу университетіміздегі спорттың дамуына айтарлықтай үлес қосады деп сенімдеміз.

ҚММУ чемпионаты.Қорытынды кестесі.

ҚММУ Спорт клубы   


0
20394

пікірлер

пікір қалдыру үшін.