Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мұражайдағы түн

Мұражайдағы түн

26 Мамыр 2014

16 мамыр күні ҚММУ жазғы сахынасында студенттік көктемнің басты шарасы «Мұражайдағы түн. Ашылуы»шоу – бағдарламаөтті.

Көпшілігінде «Мұражайдағы түн. Ашылуы» не екен деген сұрақ туған болар.

Мұражайдағы түн  – халықаралық акция, негізгі мақсаты қазіргі заман мұражайларының ресурстарын, мүмкіндіктерін көрсету және жастарды мұражайға тарту болып табылады.

Тарихын айтып кетсек. Германия 1997 жылы бірінші болып түнгі уақытта мұражай есіктерін ашты. Бұл идеяны Еуропа және Ресей мұражайлары қолдады, ал 2007 жылдан бастап Қазақстан мұражайларының да жаңа дәстүріне айналды. Бұл біздің мемлекеттің Мәдени күнтізбесіндегі ең әсемі оқиға болды.  

ҚММУ-да шетте қалған жоқ. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі ынталы студенттермен бірге «Мұражайдағы түн. Ашылуы» шоу-бағдарламасын ұйымдастырып, оған көптеген өнерлі студенттер қатысты. Бағдарламаның жүргізушілері «Конферансье» үйірмесінің өкілдері 4-005 ҚДС тобының студенті Айжан Кабдушева және 2-016 ЖМ тобының студенті Қолқанат Нұртай бағдарламаны жүргізу барысында осындай акция өткізудің маңыздылығы туралы айтты.

Бағдарламаға ҚММУ алтын дауыстары, 3-017 тобынан Нұрайым Бекназар, 1-068 тобынан Диана Бекмурзаева, 2-012 тобынан Айдар Тулеев топ, 3-042 тобынан Нұрсұлтан Бірлік, 1-062 тобынан Анастасия Кусаинова, 5-008 тобынан Жасур Салахиддинов,  4-018 тобынан Сұлтан Абыласов сияқты студенттер туған тілде әндер шырқады. Сонымен қатар сахынаға «Apologize  және SDK» биімен «Yes Team» би тобы шықты. «Қаракөз» халықтық шығыс билер ансамблінің ұжымы «Қара жорға» және татар халық биін көрсетті. Одан басқа «Golden Step» спорт-балды билер ұжымының солистері Брімжан Жузбаев 2-093 топ және Карина Мунтаева 1-075 топ студенттері «Маска» әсерлі биді ортаға салды.

Көрермендердің негізгі бөлігін өз мемлекетінің мәдениетін және әдет-ғұрыптарын құрметтейтін жастар құрады.

Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін куратор Ирина Милаева студенттерге арналған Қарағанды қ. өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Шоу-бағдарлама қызықты және тартымды болды! Ұйымдастырушылар және қатысушыларға ҚММУ-да осындай акция өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз!

Айжан Кабдушева

 «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі


0
20511

пікірлер

пікір қалдыру үшін.