Роза Сейтқалиқызы Әлімхановаға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі № 446 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы беру туралы Ереженің 12 тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №
147 бұйрығымен ҚММУ хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры, медицина
ғылымының докторы, жоғары санатты дәрігер травматолог-ортопед Әлімханова Роза
Сейітқалиқызына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы
берілді.
Марапаттау рәсімі ҮІІ Астана экономикалық форумының аясында өтті. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына осы жылы 7 адам иеленді, оның ішінде жалғыз әйел – Р.С.Әлімханова. Диплом мен жадылық таспаны Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.М.Имашев тапсырды.