Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Таза сессия»

«Таза сессия»

13 Маусым 2014


4 – оқу ғимаратының 301 дәрісханасында 1-3 курс студенттері Қарағанды облысының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  департаментінің өкілі Туғанбаев Досхан Дүйсенбайұлымен, Қарағанды облысы бойынша «Қазақстан студенттері Альянсының» төрағасы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ көшбасшысы Әбеуов Ернат Болатұлымен, ректор көмекшісі Қарасартов Айдын Дәуренұлымен және ТЖ және ЖСБ басшы орынбасары Батиров Фахрудин Абдижаппарұлымен кездесуі өткізілді. Кездесудің модераторлары университеттің СӨӨБК төрағасы, 4-022 ЖМ курс студенті Рахметов Жандос және жемқорлыққа қарсы секторының жетекшісі, 3-080 ЖМ студенті Нұрышева Гаухар болды. Кездесу жиналыс түрінде өткізілді, студенттер көптеген жаңа ақпарат және өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.


 Қаржы полициясынан келген қонақ студенттерді ҚР заңнамалық кодексіне сәйкес жемқорлық фактілерін анықтау кезінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ақпаратты, Қарағанды облысы бойынша жемқорлықты анықтау статистикасымен таныстырды. Қарағанды облысы бойынша «Қазақстан студенттері Альянсының» төрағасы студенттерді Альянстың қызметімен, осы акцияның мақсатымен және міндетімен таныстырды, сонымен қатар Альянсқа белсене қатысқандарға сыйақы берілетіндігі туралы айтты.

Университет ректорының көмекшісі Қарасартов Айдын Дәуренұлы және ТЖ және ЖСБ басшы орынбасары Батиров Фахрудин Абдижаппарұлы білім ошағында жемқорлықтың алдын-алу ісіне белсене қатысуға шақырды және жемқорлық фактілері анықталған жағдайда оқу мекемесінің барлық оқу ғимараттарында орналасқан «шағым жәшігіне» хат жазуды немесе 51-13-95 сенім телефонына хабарласуға болатындығын айтты.


Университетте емтихандық сессияның әділдігі мен ашықтығы қамтамасыз етілген, студенттер мен оқытушылар арасындағы бейресми қатынастарға жол жоқ. А.Д. Қарасартов «Сапалы білімге өзінің құқықтары шеңберінде әділеттілікке қол жеткізу керектігін» атап өтті.

Қорытындылай келе, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін келтірсем: «Жемқорлықпен күрес – мемлекет және оның азаматтарының басты тапсырмасы». Біз, Қазақстан жастары, ҚММУ студенттері, елдің болашағы жемқорлықтың ықпалы мен салдарын толық түсінуіміз қажет және еліміздің гүлденуі үшін белсенді күресуіміз керек.

Ж.Рахметов

Университеттің СӨӨБК төрағасы                

0
21508

пікірлер

пікір қалдыру үшін.