Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қызмет етуге дайын

Қызмет етуге дайын

12 Тамыз 2014

Әскери дағдылары мен медицина ғылымының үйлесуі

Қарағандының  ыстық жазы

  Қарағанды мемлекеттік медицина университеті әскери кафедра студенттерінің қатарынан медицина қызметінің запастағы офицерлерін дайындау әскердегі жиынмен аяқталды. Ыстық жаз оқу күн тәртібіне, тамақтану, еңбек және демалыс ережелеріне өз әсерін тигізді. 

Далалық практикалық сабақтар таң сәріден басталса, ал күндізгі ыстық түскеннен бастап сағат 16.00 ге дейін үзіліс болды. Ыстық климатты елдердегі тұрғындарының үйреншікті әдетіндей түскі ас бірінші ыстық тамақпен кешкі уақыттарға ауыстырылды. Бірақ бұл тек уақыт бойынша түзету еді, ал негізгі бөлімде жиынға арналған ортақ ережелер қатаң қадағалаумен өтті.

  Студент курсанттар үшін әскери өмір ағымы, «жас жауынгердің» практикалық курсы, санитардың, нұсқаушы санитардың, фельдшер машығының жұмыс өтеуі және әскери дәрігердің дала жағдайындағы жұмысының шыңындай, болашақ медицина қызметінің офицерлеріне, жауынгерлік еңбегінің қауырттылығының және әскери қызметшілердің денсаулығына жауапкершілігін өз тәжірибиесінде сезінуге мүмкіндік берді. Студент - курсанттар оқу - ату жаттығуларын зор ынтамен және талпыныс көрсетіп жақсы көрсеткішпен орындай білді.

МЕМЛЕКЕТ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Астана» өңірлік басшылығының уәкілдерінің, оқытушылардың, ата-аналардың, көпшіліктің, Ұлы Отан соғысы және Ауғанстан ардагерлерінің қатысуымен, Отан алдындағы және егемен Қазақстан халқына адалдығы ретінде салтанатты түрде Әскери ант қабылданды. Бұл салтанатты мемлекеттік акт курсанттардың санасындағы өзгерісті кезең болды, олардың әрқайсысы ішкі жан дүниесінде өз мемлекетінің тағдырына жауапты азаматтары екенін сезінді. Шатырлардағы өмір, «жасағым келеді - келмейді» түсінігінсіз «ортақ қазаннан» тамақтану, медициналық эвакуация этаптарының қанат жаюының күрекпен және зілбалғамен жұмысы, студенттерді бір жанұядай біріктіріп, бір – біріне жауапты етті.

 Мерекелік күндері спорттық шараларды, көлге шомылуды (қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып) студент - курсанттар өздері ұйымдастырды, ән айту және би билеу шеберліктерінен өз дарындарын паш етті.

ЕЛІКТЕУГЕ ТҰРАРЛЫҚ

Әскери бөлімнің басшылығы Астана күніне орай мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Әскери кафедра бастығы полковник А.Мұхаметжанов мерекеде салтанатты алғы сөзден басқа, тамаша нәтиже көрсете отырып спорттық шараларға қатысты. Профессор, ғалым, медицина қызметінің полковнигі спорттық шараларда өзінен екі есе кіші қол астындағылар мен студент-курсанттарға қарағанда, жиі жоғары нәтиже көрсете білді. Ота жасау және таңуда имитациялық материялмен жұмыс жасады, өзінің дәрігерлік қызмет тәжірибиесінде алған оташы машықтарын үйретті. Әскери кафедра бастығы, офицерлер және оқытушылар жиын барысында үлкен жанашыр ағалары ретінде студенттермен бірдей сапта болды.

ЖИНАҚЫЛАНЫП, НЫҒАЙҒАН

Студент-курсанттарға арналып барынша ыңғайлы душ ұйымдастырылды, шөптен қайнатылған ауыз сумен қамтамасыз етілді, барлық құрамның денсаулығын күнделікті сұрау арқылы шатырлар қалашығының аумағының күтімінің санитарлық-гигиеналық нормасы ұсталуын талап ету, іш-киім және әскери форманы жуу, оқу жиынның ауру-сырқаусыз және жарақатсыз аяқталуына мүмкіндік берді. Оқу жиынның соңғы күндерінде алғашқы кезге қарағанда сырттарынан кенет өзгеріп бекіген, нығайған студент- курсанттарды көруге болатын. Полковник А. Мұхаметжанов оқу жиындарын қорытындылап, оқу программасының толық орындалғанын атады, курсанттарға университетті сәтті аяқтауын тілеп, оқытушылар мен студенттерге бірлесіп жасаған жұмыстарына алғысын білдірді және әскери кафедрада олардың әскери оқу курсының емтиханын тапсырғаннан кейін студенттермен әңгімелесті.

Жоғары баға

  Студеттер оқу жиынды естеріне ала отырып: «Бізге сырасыз да көңілді және қызықты болды» десті. Студент Қ. оқу жиынынан кейін: «Мен есейген сияқтымын және енді гүлді немесе бұршақты шолақ шалбар кимейтін шығармын» деп, байқап жатты. Студенттердің бірінің әкесі, университет оқытушысы: «Мен өз баламды танымастаймын, бір айдың ішінде мүлдем өзгерген – жауапкершілікті және міндетті болған. Сіздер – сиқыршысыздар!» - деді, полковник А. Мұхаметжановпен әңгімелесу барысында. Бұл барлық әскери кафера ұжымы мен оның бастығы – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, РЖА профессоры, медицина қызметінің полковнигі Амантай Мұқанбайұлы Мұхаметжановқа берілген жоғары баға!

 

ҚММУ әскери кафедрасының аға оқытушысы

м\қ подполковнигі Б. Асқаров

         


0
21497

пікірлер

пікір қалдыру үшін.