Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Көңілді старттар»

«Көңілді старттар»

01 Қазан 2014

21.09.2014 ж. жылы күндер аяқталар кезде ҚММУ № 1 жатақахана студенттерінің қатысуымен «Көңілді старттар» атты ауқымды іс-шара өтті. Әрбір топ өз біртума атауларымен және ұрандарымен таңқалдырды. Өзінің үздік физикалық дайындығын көрсетуге 10 топқа мүмкіндік берілді. Эстафета таяқшасының түсі топ түсіне сәйкес келді, сонымен қатар, біз қатысушылардың адалдығына және эстафетаның әлеуетті көшбасшысын байқай алдық. 

Жарыс өте қызу болды, топтың әрбір мүшесі 100 %-ға салынды, Олимпиядалық деңгейдегі спринтерлері жарысып жатқандай сезінді. Үшінші болып «Ақ халаттар» атты № 1 жатақхананың 4-қабат өкілдерінің тобы мәреге жетті. Екінші болып «Қара найзағай» атты топ жеңді. Сонымен, «Көңілді старттар» эстафетасының чемпионы болып «Көңілді викингтер» тобы аталды. Жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ал қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталарды алды.  

Қатысушылар мен жанкүйерлердің осыншама қызықты уақыт өткізгеннен алынған қуанышын жасыра алмады.

Іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқан № 1 жатақахананың СӨӨБК спорттық-бұқаралық секторы, сонымен қатар студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Б.С. Мұхамбетовке алғыс білдіреміз.

ҚММУ № 1 жатақаханасының

СӨӨБК спорттық-бұқаралық секторына жауапты

СаматБаязитов


0
19172

пікірлер

пікір қалдыру үшін.