Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Болашаққа «Нұр Отан» партиясымен

Болашаққа «Нұр Отан» партиясымен

15 Қазан 2014

«Нұр Отан» - халықтық партия. Партия өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Партияның негізін қалаушы – Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы серпінді дамыған қарымды қоғам және демократиялық мемелекет құрды. Біздің күш – жігеріміздің басты нәтижесі «Қазақстан-2030» Стратегиясының негізгі межелерінің  мерзімінен бұрын жүзеге асырылуы болды.

«Нұр Отан» партиясы қоғамды ұйымдастыратын және Елбсының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш.

Осы орайда 08.10.2014жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде және ҚММУ медициналық колледжінде «Нұр Отан»  партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрайымының бірінші орынбасары – Бадина Юлия Викторовнамен кездесу өтті.

Юлия Викторовна өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының алдына қойған мақсат – міндеттерін және бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының 12 жоба бойынша жұмысын  іске асыратындығын айтты. Соның ішінде «Белсенді бизнес- күшті мемлекет», «Бақытты балалық», «Кедергісіз болашақ» «Құқықбұзушылыққа тоқтау» жобаларына ерекше ден қойып тоқталып өтті.Мысалға: «Үлкенге деген қамқорлық» жобасы. Бұл жобаның  басты мақсаты, қоғамда елжандылық сезімін, үлкенге деген құрмет пен ізеттілікті ояту болып табылады. «Бақытты отбасы» жобасы. Жобаның  мақсаты отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын ескере отырып адамгершілік сезімдерін ояту. Қорытындылай келгенде 12 жобаныңбарлығыда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруына ықпал ететіндігін айтып өтті.

Жиналыс соңында Бадина Ю.В. 2006 жылдан бастап осы партияға мүше болып келе жатқан ҚММУ және ҚММУ медициналық колледжінің қызметкерлеріне және жаңадан мүше болған жас мамандарға «Нұр отан» партиясының жаңа үлгідегі партия билеттерін табыстап, партияның Қарағанды қалалық қоғамдық қабылдау бөлімі күн сайын қала азаматтарын қабылдап отыратындығын және дүйсенбі сайын сағат 10.00-13.00 аралығында заңгер тегін кеңес беретіндігін айтты.

«Нұр Отан» партиясына мүше болғысы келетін қызметкерлерге Алиханов көшесі, 4 үй, 102 кабинет мекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады.

Болашақтың, халықтың партиясы - «Нұр Отанға» мүше болатын қызметкерлер үшін есік ашық.

Клиникалықжұмысжәнеүздіксіз

кәсібидамытужөніндегі проректор

Кошерова Б.Н.

ҚММУ медициналық колледжінің

директоры

Естемесова К.А.

ҚММУ медициналық колледжінің

педагог-психологы

Искакова Д.А.


0
18913

пікірлер

пікір қалдыру үшін.