Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жастармен жұмыс істеудегі заманауи әдістер» семинар-тренинг

«Жастармен жұмыс істеудегі заманауи әдістер» семинар-тренинг

16 Қазан 2014

2014 жылдың 30 қыркүйегінде «Достар-Әлем» кешенінде «Жастармен жұмыс істеудегі заманауи әдістер» тақырыбына мемлекеттік мекемелердің өкілдері, облыстың белсенділері, Қарағанды қаласы жастар ұйымдары және қозғалыстарының мүшелері, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесі мүшелерінің басшылығымен және «Ынталы жастар қоры» ҚҚ орындаушы директоры Айнұр Нұртай, «Мета» Ресей Федерациясының білім беру Қорының жаттықтырушысы Ирина Грат, «Crisis Control Agence» агенттігінің жетекшісі Анастасия Ивкинамен, Ұлыбритания «Global Hand» директоры  Бэн Соланкимен семинар-тренинг болып өтті. Тренинг. Семинар Қарағанды облысы жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының жетекшісі М. Құттыбай бүгінгі іс-шараның маңыздылығы, ел игілігі үшін Қазақстан жастарының ынтымақтастығы туралы айтты. 

Айнур Нуртай «Ынталы жастар қоры» ҚҚ жұмысы мен мақсаттары туралы, мемлекет жастардың оң бастауларын қолдағанын және қолдайтыны туралы айтып өтті.

Біздің қонақтарымыз – Ирина Гарт, Анастасия Ивкина және Наталья Кан семинар-тренинг қатысушылары алдында сәлемдесу сөздерімен жалғастырды.

Семинардың бағдарламасы әр қатысушы семинар-тренингтің тақырыбын түсініп қана қоймай, жастармен жұмыс жасаудағы заманауи әдістерінің қандай екендігін сезінуге құрылған. Қатысушылар санының көп болғандықтан, олар 155 адам. Тәжірибелі жаттықтырушылар залды 2 топқа бөлді.

Семинар-тренингтің барлық тақырыбтары жастардың қазіргі мүмкіншіліктері, өзара қарым-қатынас жасау мәселелері мен аспектісі, жастар қоғамы мен институттардың дағдарыстық коммуникациясын, азаматтық бастамаларын аша білді.

Семинар-тренингтің максималды түрде ресми емес түрде өткендігін атап айтуға болады. Ол өз кезегінде қарым-қатынас жасау шекарасын ұлғайтып, жаттықтырушылар мен қатысушылардың арасында ақпараттың еш кедергісіз, араласу және түсінікті алмасуына жол ашты. Тренинг барысында қатысушылар байланыс телефондарымен алмасып, өз жұмысы туралы, келешек мақсаттары жайлы ойлармен бөлісті. Бір жерде және бір уақытта Қарағанды қаласы және облыстың үздік белсінділері, жастар ұйымдары мен қозғалыстардың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшелерінің бас қосуы іс-шараға өзіндік ерекше мәнін берді.

Семинар уақытында ең белсенді және шығармашыл жастар «Samsung» компаниясының ұялы телефоны мен планшетін ұтып алу үшін келесі шарттарды орындауға тиіс еді: планшетті ұтып алу үшін «Twitter» әлеуметтік желісінде «#YFUNDKZ» хэштэгін қолдана отырып, қызықты әрі танымдық посттарды қойып, ұялы телефонды ұту үшін «Instagram» желісіне «#YFUNDKZ» хэштэгін пайдалана отырып посттар мен қызықты селфиді орналастыру болды. Мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл Ел» облыстық штаб атынан семинар-тренинге қатысып, «Twitter» әлеуметтік желісінде танымдық посттар орналастырып планшет ұтып алдым. Осы  конкурс, семинар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар мәселесі жөніндегі департаментінің қолдауымен жүзеге асты.

«Жастармен жұмыс істеудегі заманауи әдістер» трениг-семинарынан кейін барлық қатысушылары Президент және мемлекет басшылығы жастарға жүктеген орасан зор жауапкершілікті түсініп, алға қарай ұмтылуға жаңа күш,  жаңа ынта, жаңа бағыт алды!

Саматов Темірлан

Университетінің студенттік өзін-өзі басқару комитеті

0
19289

пікірлер

пікір қалдыру үшін.