Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Күлкі терапиясы» тобын құттықтаймыз!

«Күлкі терапиясы» тобын құттықтаймыз!

16 Қазан 2014

Алғашқы рет, «Жайдарман» Республикалық жоғары лигасының тарихында «Күлкі терапиясы» тобы финалға өтті. Осыған топ үш жыл келді. Айтып өтетініміз, соңғы бірнеше жыл бойы жоғары лиганың клубында  Қарағанды облысын біздің команда көрсетті.

Сонымен, 2014 жылдың 5 қазанында Астана қаласының Конгресс Холлында Қазақстан КТК Одағының ұйымдастыруымен «Жайдарман» Республикалық жоғары лигасының жартылай финалы өтті.

Ойын төрт кезеңде өткізілді:

1. Сәлемдесу;

2. Биатлон;

3. Бір өлең байқауы;

4. Үй тапсырмасы.

Жартылай финал ойындарына 2 топқа бөлінген он команда қатысты.

Бірінші топ: «Ұлттық Құрама» (ҚазҰҮ, Алматы қ.); «Демеушіміз Болашақ» (Астана қ.); «Аграрка сарбаздары» (Астана қ.); «Жаснар» (Алматы қ.) мен «Күлкі терапиясы» (Қарағанды қ.) .

Екінші топ: «АЭСА» (Алматы қ.); «Байланыс жігіттері» (Алматы қ.); «Күлтегін» (Астана қ.); «Тұңғыш Астана» (Қызылорда қ.); «Сығыз» (Атырау қ.).

Бірінші топта финалға «Ұлттық Құрама» мен «Күлкі терапиясы» командалары өтті. Екіншісінде - «АЭСА» пен «Байланыс жігіттері».

Ұйымдастырушылардың шешімімен Астана қаласының «Аграрка сарбаздары» мен «Күлтегін» командалары финалдың резервіне өтті.

«Күлкі терапиясы» біздің командаға финалда сәттілік тілейміз!

Нұрсұлтан Хусанов

4-001 ҚДС тобының студенті


0
18878

пікірлер

пікір қалдыру үшін.