Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шараны атап өту

Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шараны атап өту

17 Қазан 2014

1990 жылдың 14 желтоқсанында  БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халыкаралық қарттар күні деп бекітті.

Қарттар күніне арналған мейрамды өткізудің мақсаты — қоғам назарын  қарт жастағы адамдардың мәселелеріне көңіл аудару, қоғамның демографиялық қартаюы, қарттардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері туралы мәселесімен ақпараттандыру дәрежесін жоғарылату, қарттарға деген қарым-қатынасты өзгерту, қарт жастағы адамдарды тәуелсіздікпен, қоғам өміріне араласуын, оларды қажетті күтіммен, ішкі әлеуеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Жедел және шұғыл медициналық көмек базасында Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өткізілді. ЖОО және кафедра ұжымының атынан кафедра меңгерушісі А.Р.Алпысова құттықтау сөзін айтты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің Жалпы медицина мамандығының 5-курс студенттері де өз үлестерін қосты. 5-054 және 5-080 топ студенттерінің атынан «Все, что в жизни есть у меня», «Жазира» деген әсем әндерді - Еслямбек Айгерім және Майсатаева Раушан шырқады, сонымен қатар Мурзина Ольга - С. Есениннің «Отговорила роща золотая» өлеңін оқыды. Кафедра ұжымының атынан көркемделіп жасалған слайд-шоу әртістердің концерттік номерлерімен бірге көрсетілді.

Мерекелік кеште ардагерлер көңілді концертті тамашалай отырып, көп жылдар бойы жедел көмек станциясында бірге жұмыс жасаған адамдармен әңгімелесуге де үлгерді.

1 қазан-бұл қарт адамдардың бізге қандай қымбат екенін еске түсіру, оларға жылу мен көңіл бөлу, олардың көп жылдық өмірлік тәжірибелеріне бас июге мүмкіндік беретін күн. Жедел медициналық көмек станциясының  және №1 жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасы ұжымының жастары қоғамды сыйлауға және қарттарға көңіл бөлуге үйретудің жақсы үлгісі болды, себебі сол күні қарттарға махаббат, ерекше көңіл бөлінді, Қарттар күніне арналған мереке, сан жылдар бойы жылда өткізіледі.

Ю. В. Суббота №1 жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының ассистенті-машықтанушы


0
18857

пікірлер

пікір қалдыру үшін.