Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ардагермен өткен ұлағатты кездесу

Ардагермен өткен ұлағатты кездесу

23 Қазан 2014

08.10.14 ж. күні №1 жатақханада студенттердің ҚММУ Ардагерлер Кеңесінің Төрағасы – Сартабаев Сембек Абдрахманұлымен кездесуі өтті. Аталмыш кездесуге жалпы медицина және стоматология факультетінің 1, 2 және 3 курстарының студенттері, №1 жатақхана төрағасы М. Дәрібаев пен  2-курс декан орынбасары Оспанова Динара Төлеуқызы қатысты. Ардагер Сембек Абдрахманұлы студенттер қауымына университет тарихын, аталмыш жоғары оқу орнының тәртібі мен ережелерін айтып, университет профессорлары туралы көптеген қызықты мәліметтер беретін тәрбие жұмысын өткізді. Және де бүгінгі күні көптеп қозғалатын Қазақстан жастары арасындағы  дінге байланысты мәселелерді қозғап, мағлұматтар беріп кетті.



0
18726

пікірлер

пікір қалдыру үшін.