Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дебат турнирі!

Дебат турнирі!

24 Қазан 2014

17-18 қазанында «Stopқылмыс» және «Жастар-Отанға!» жобасы шеңберінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты атқарушысы секретариатымен бірге «Нұр Отан» партиясының кубогына дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнир тақырыбы: «Жастардың жемқорлыққа қарсы тұрудағы орны».

Турнирдің негізгі мақсаты – жастардағы патриотизмді,  азаматтылықты қалыптастыру, құқық бұзушылыққа төзімділікпен қарамау, сонымен қатар облыстық дебат қозғалысын қолдау.

Турнирге барлық қалалар мен аудандардан, сонымен қатар Қарағанды облысы жоо-ларынан және колледждерінен 20-дан астам командалар қатысты. Турнирдің негізгі форматы болып Қазақстандағы пікірталасшылардың арасында көп таралған, АПФ (американдық парламент форматы) таңдап алынды. Турнирді өткізу тілі: қазақ және орыс тілдері. Іріктеу кезеңі Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, ал жартылай финал «Нұр Отан» ХДП ғимаратында болып өтті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен «Намыс» (қазақ лигасы) дебат клубтарының ойыншылары: Маликайдар Айжан және Изетов Нұрлыбек («Азат елдің ұрпақтары» фракциясы), Сейдалы Ерзат және Қойшын Мөлдір («Намыс kz» фракциясы), Дүйсенбек Ақмарал және Мырзагелді Зейнұр («Намыс» фракциясы), сонымен қатар «Инсайт» (орыс лигасы) пікірталас клубынан құрамында Кашаев Нариман және Садуақасова Әсел («Феникс» фракциясы) қатысты.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңына өзгерістер енгізу қажет, мемлекеттік қызметкерлердің қызметке кірісер алдында өтірікті айғақтау машинасына халық алдында тест тапсыру керек және басқа да тақырыптарға, оның ішінде жемқорлыққа  қарсы тұру бойынша жаңа бағдарламаны  талқылаған пікірталасшылардың заманауи саясаттың өзекті тақырыбына қарқынды жарыссөз және қызу талқылауынан кейін, әділ-қазылар турнирдің қорытындысын шығарды: «Нұр Отан» партиясының кубогын және бірінші орын (қазақ лигасы) "План Д"(ҚЭУ) фракциясына, II орын "Азат елдің ұрпақтары" (ҚММУ) фракциясы және III орын "Намыс kz"(ҚММУ) фракциясына тапсырылды;

Бірінші орын және «Нұр Отан» партиясының кубогы (орыс лигасы) «Ближе к власти» (ҚарМУ), II орын «Дай на лапу» (Қар МТУ) және III орын «Феникс» (ҚММУ) фракциясына берілді.

Дебат турнирінің жеңімпаздары «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының қолынан естелік сыйлықтарымен және дипломдары, ал барлық командалар белсене қатысқандары үшін сертификаттарымен марапатталды.

 

 

Б.С.Ибраев

"Намыс" пікірталас клубының  IT-редакторы


0
19794

пікірлер

пікір қалдыру үшін.