Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сүйікті қалам, саған арналады!

Сүйікті қалам, саған арналады!

24 Қазан 2014

Осы жылы сүйікті қаламыз Қарағандының 80 – жылдығын тойлаймыз.

Бұл күн, даңқты шахтерлар қаласымен, оның тарихымен және дәстүрімен мақтанатындардың мерекесі. Қарағандының басынан өткен сексен жылда Қарағанды кішірек ауылдан Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Көмір астанасының білім әлеуетін және мықты ғылымын қалыптастыратын жоспарлы институттар және ғылыми – зерттеу, ондаған жоғары және орташа мамандандырылған оқу орындары бар. Қала жоғары жылдамдық режимінде және жаңа технологиялар заманда өмір сүреді.

Қарағандыға көптеген ақындар, жазушылар және суретшілер өз шығармаларын арнады. Шығармашылық ұжымдар мерекелік қойылымдарды ұйымдастырды. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қаланың мерейтойы шеңберінде, осы ғажап күнге арналған граффитиге  үздік эскиз байқауын жариялады. Байқау жеңімпаздары ЖМ факультетінің студенттері: Елтаева Алуаш (4072 топ) және Баисеева Малика (4075 топ) атанды.

  Қорытынды шығарылғаннан кейін, «ҚММУ суретшілер үйірмесінің» өкілдері шығармашыл топ құрамы: А.Умарова (1039 ЖМ), А.Назарова (2088 ЖМ), А.Шәріпхан (3030 ЖМ), Д.Жақыпова (2035ЖМ), А.Елтаева (4072ЖМ), М. Баисеева (4075ЖМ), С.Балкенова (2067ЖМ), Б. Конарбаева (1051ЖМ) және С.Сайрамбек (Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) жобаны іске  асырды...

  Алдымен, «натура» таңдап алынды. Осы рөлге ҚММУ салынып жатқан жаңа ғимаратының жанындағы екі вагон жақсы келе қалды. Мұқият дайындау жұмыстарынан кейін: тазалау және беткі қабатты тегістеу, тегістеу қоспасын жағу және т.б. 1:20 масштабының бетіне бастаушы суретшілердің көмегімен кескіндеме эскиз ұқыпты көшірілді.

  Шығармашылық үдеріс маңайлардағы балалардың қызығушылығын туғызды. Маңайдағы аулалардағы балалар көздерін алмай суретшілердің жұмысын қадағалады. Батылдары сурет салып көруді сұрады... Осындай көрермендер талабы студеттерімізге қосымша талап қойылды, оларға дарын және шеберлік, ынталануға мәжбүр етті. Нәтиже күткендей болып шықты.

Алуаш Елтаева

Бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі


0
19297

пікірлер

пікір қалдыру үшін.