Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Біз жарқын өмірді таңдаймыз!»

«Біз жарқын өмірді таңдаймыз!»

28 Қазан 2014

16-қазан күні №2 балалар аурулар кафедрасында оқытушы К.Ж.Алимшаихинаның жетекшілігімен «Біз жарқын өмірді таңдаймыз!» атты мерекелік шара өткізілді. Жалпы медицина мамандығының 4-007 тобының студенттері бейнетаспа, көрініс арқылы салауатты өмір салтына деген өз көзқарастарын білдірді.

Шараға арнайы №2 балалар аурулар кафедрасының меңгерушісі Тукбекова Бибигуль Толеубаевна, жалпы медицина және стоматология факультетінің 4-курс бойынша декан орынбасары Байменова Айман Серикбаевна, доцент Дюсенова Сандуғаш Болатовна және кафедраның басқа да оқытушылары шақырылды. Соңында өздерін белсенді көрсеткен, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген студенттерге естелікке кафедра меңгерушісі оқу құралдарын тартты.

Бақтыбай Данара

«Жалпы медицина» мамандығы 4-007 тобының старостасы


0
18880

пікірлер

пікір қалдыру үшін.