Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық және фармацевтикалық ЖОО-ң ғылыми съезді

Медициналық және фармацевтикалық ЖОО-ң ғылыми съезді

10 Қараша 2014

Қазанның 29 мен 31 жұлдызы аралығында Уфа (Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы) қаласында Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің базасында медициналық және фармацевтикалық жоғары білім беру орындарының Ресей, Украина, ШЫҰ мемлекеттері мен БРИКС мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен студенттердің және жастардың ғылыми бірлестіктерінің XI съезді өтті.

Қазақстан, Ресей, ШЫҰ мен БРИКС мемлекеттерінен 38 жоғары білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Біздің университетті профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің студенттері, атап айтсақ, студенттердің ғылыми бірлестігі төрайымының орынбасары Арымбекова Асем Каниевна және микробиология кафедра үйірмесінің өкілі Токашева Дана Сериковна таныстырды.

Іс-шара өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Жоғары білім беру мекемелері арасында жаңа қарым-қатынас тақырыптары, ғылыми бірлестіктердің болашақта дамуы мен атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді. Съездің барлық қатысушылары құрметті дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.

Хабит Асель проф.медицина,

биология және фармация факультетінің

ақпараттық секторы.


0
19643

пікірлер

пікір қалдыру үшін.