Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қызықты старттар»

«Қызықты старттар»

12 Қараша 2014

1 қараша күні бас корпустың спорт залында СТ және ӘЖБ қолдауымен интернатура факультетінің дайындау бағыты арасында «Қызықты старттар» атты спорттық жарыс өтті.

Жарысты жүргізушілер  А.Б. Касымова және Д.С. Баймбетова.

Ойынға  5 команда қатысты: «Старт» (БА кафедралары); «Скальпель» (ХА кафедралары); «Экстрим» (А және Г кафедрасы); «Сұнқар» (ЖДТ кафедралары); «Симбиоз» (ІА кафедралары). Сонымен қоса  командалар арасында интернатура факультетінің қызметкерлері мен кафедра тәлімгерлері қатысты.

Жоғары мәртебелі  әділқазылар алқасы мүшесі болып: ғылыми жұмыстар бойынша проректор  А.А. Турмухамбетова, профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің декан орынбасары А.К. Омарова, Жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары  А.И. Такуадина, Жалпы медицина және  стоматология факультетінің декан орынбасары  М.Т. Культенова тағайындалды.

Ойын өте қызықты түрде өтті.  Ойын барысында: сыртқы келбеттері, командалардың атауы, жылдамдық, қатысушылардың жеңуге деген  талпыныстары сонымен қоса қойылған талаптарды дұрыс ұстануы бағаланды.

Ойын барысында  «Сұңқар» командасының жанкүйерлері  өздерінің командасының қатысушыларына  өте жақсы қолдау көрсетіп ерекше көзге түсті.

Ойын соңында келесі  орындар бойынша марапатталды:

I орын  «Симбиоз»;

II орында  «Сұнқар»;

IIIорында «Экстрим»;

IVорын «Скальпель»;

V орын «Старт».

Сонымен қоса келесі наминациялар бойынша грамоталармен марапатталды:

«Ең жан-жақты»- Кубаев Алик;

«Ең ерікті»- АскарбековаМахаббат, Пурит Екатерина, АлибековАсылханЕрмекбаевич;

«Ең шапшаң»- БидалинСамат, АлкабаевБахыт, ДарменовЕргалиНурмухамбетович;

«Ең жақсы ынталанушы»- ЩербатаевШухратКаримович, МахамбеталиеваНазираСейдалхановна, ЕржановАрман.

Ерекше алғысымызды  жарысты ұйымдастырушы интернатура факультетінің СӨБК  ұйымына білдіреміз. Позитивті эмоциялар мен ұмытылмас естеліктер үшін үлкен рахмет!!!

Интернатура факультетінің СӨБК ұйымы.


0
19454

пікірлер

пікір қалдыру үшін.