Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ертегімен кездесу

Ертегімен кездесу

04 Желтоқсан 2014

Ризашылық күні студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі ҚММУ театр өнері үйірмесімен бірге ойлау қабілеттерінде мүмкіншіліктері шектеулі балалар үйінде қызықты «Ертегімен кездесу» іс-шарасын өткізді.

Ертегінің желісі бойынша мейірімсіз ойыншықтар балалардан конфеттерді ұрлап алуға шешсе, ал мейірімді кейіпкерлер барлақ күштерімен оларға қарсы тұрды. Көптеген оқиғалар болды, әрине соңында зұлымдық жеңіліс тапты. Балалар өздерінің ақ ниеттерімен зұлымдықты жеңуге көмектесті. Соңында мейірімді ойыншықтар зұлым ойыншықтардан қайтарып алынған тәттілерді балаларға тарту етті, ал мейірімсіз ойыншықтар зұлым ойыншықтартар барлықтарынан кешірім сұрады, балаларға ауа шарларын және қызықты кітаптарды сыйлады.

Балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерімен қайтадан қауышқандарына қатты қуанды. Балалар сахнадан Мальвинаны, Берік қалайы солдатты,  Барби қуыршағын, Маша қызды және Шарик күшігін жібергілері келмей, өздерінің сүйіктілерінен тағы да келуге уәделерін алды. Балалар ертегі кейіпкерлеріне ризашылықтарын білдіріп өздерінің дайындаған билерін билеп берді.

Іс-шара соңында ОҚМШ балалар үйінің директоры Жанар Сыздықова балаларға мереке сыйлағаны үшін студенттерге алғысын білдірді. ҚММУ ректоры Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызына балалар үйі және оқытушылар тәрбиелеушілер атынан жеке алғыс білдірді.

Ж.А.Жумадилова

ҚММУ театр өнері үйірмесінің жетекшісі


0
18408

пікірлер

пікір қалдыру үшін.