Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның Тәуелсіздік күні

Қазақстанның Тәуелсіздік күні

15 Желтоқсан 2014

  Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 - желтоқсанда аталып өтеді. Мемлекеттік тіл апталығы шеңберінде шет тілдер кафедрасы 2014 ж.11 - желтоқсанында «Тәуелсіздік күні» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімді тәрбиелеу, Отанды және мемлекеттік тілді сүю және құрметтеу.

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. В.А.Бурмистрова студенттерді  осындай маңызды күнмен құттықтады.

Мерекелік іс-шарада тек қана концерттік бағдарлама ғана емес, сонымен қоса, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихы мен дамуы жөнінде (қазақ, орыс, ағылшын)викториналық сұрақтар қойылып, көрермендер арасында ойын жүргізілді. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

1-042 ЖМ, 1-045ЖМ, 1-049 ЖМ топтарының студенттері аталған мерекені ұйымдастыру мен өткізу барысына белсенді түрде ат салысты. Мысалы, Асхат Торебеков (1-049 ЖМ) «Ерке сылқым» күйін ойнаса, Д. Нуриддин және М. Сейткожа (1-049ЖМ) «Иә солай» әнін нақышына келтіріп айтса, Айжан Тлеуханова «Егіз лебіз» әнін орындап, ашық даусымен көрермендерді таң қалдырды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде Досымбек Рәсілхан (1-049ЖМ) «Жасасын Қазақстан» атты өз өлеңін тарту етті.

Жасасын Қазақстан жасай берсін,

Тәуелсіз тұғырында мәңгі болып.

Елбасы ертең еткен қызығы ма

Жүректен қиып берем әнді бөліп.

Жасасын Қазақстан жасай берсін

Ғұмырың ұзақ болсын батыр елім,

Атағың айға қонсын, күнге қонсын.

Гул толып жайнасын таулы белің

Бала қыран көгіңде қалқи берсін.

Күн жайнасын көгіңде балқи берсін

Бұл менің елім, бұл жерім мақтан болар,

Жасасын Қазақстан жасай берсін!


0
18929

пікірлер

пікір қалдыру үшін.